Ұйғыр ауданында атқарылған іс-шаралар
Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары Төралқа Төрағасы С.Т.Махышевтың басқаруымен, Алматы облысы Ұйғыр ауданында іс сапарда болып, ол аймақта орналасқан Шонжы және Шелек ауылдарының тұрғындарына жоғары деңгейдегі квалификациялық заң көмегін көрсетті.
Жоғары деңгейдегі квалификациялық заң көмегін тегін түрде алуға болатындығы туралы хабарламалар сол аудандағы түрлі мемлекеттік салалардың хабарландыру тақтамаларында алдын-ала жарияданған болатын.
Осыдан сәл ертерек, осындай тегін түрде жоғары деңгейдегі квалификациялық заң көмегін көрсету мақсатындағы іс-шаралар, Алматы облысының Әділет департаменті және жергілікті әкімшіліктердің қолдауымен, Райымбек және Кеген аудандарындада атқарылған болатын.
Осындай жағдаймен, Алматы облыстық адвокаттар алқасы, облыс тұрғындарының әрқайсысына тегін түрдегі жоғары деңгейдегі квалификациялық заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуде.
Мұндай іс-шаралар, алдағы уақытта да әрдайым атқарылатын болады.