Коллегия

Алматы облыстық адвокаттар алқасы Сізді сайтта қарсы алады!

Алматы облыстық адвокаттар алқасының төрағасы — Махышев Сәкен Тұрғанұлы

Біздің адвокаттар — соттарда клиенттердің мүдделерін қорғауда, азаматтық және қылмыстық істерді жүргізуде, жеке және заңды тұлғаларға құқықтың барлық салалары бойынша заңгерлік кеңес беруде үлкен тәжірибесі бар мамандар.

Біздің адвокаттар — құқықты терең меңгерген, клиенттеріне білікті заң көмегін көрсететін, олардың заңды мүдделерін адвокаттық этика нормаларын сақтай отырып қорғап, заңды әдістерді қолданатын кәсіби мамандар.

Адвокаттарымыздың қызметінің негізі — клиентпен сенімді қарым-қатынас орнату, адвокаттық құпияны сақтау және әрбір көмек сұраған адамға жеке көзқарас таныту. Біздің адвокаттар Сіздің жағдайыңызды жан-жақты талдап, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы жолын таңдауға тырысады.

Біздің алқада Сіз құқықтың барлық салалары бойынша кең білімі бар адвокаттардың кәсіби көмегін ала аласыз.

АОКА адвокаттары өздерінің кәсіби қызметінде жеке және заңды тұлғаларға сапалы заң қызметтерін көрсетуге, адалдық пен орындаушылыққа, адвокат пен клиент арасындағы жоғары сенімге бағытталған. Бұл — тиімді заң көмегін көрсету мен клиенттің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың басты негізі.

АОКА адвокаттарына жүгінген кезде, Сіз азаматтық та, қылмыстық та процестерде Сіздің мүдделеріңізді қорғауға қабілетті тәжірибелі адвокаттың кәсіби заңдық консультациясын аласыз.