Көңіл айту
Алматы облыстық адвокаттар алқасына еңбегі сіңген әріптесіміз Сүлеев Дауылбай Қарабайұлына және оның отбасы мен туған туыстарына, ұлы Сүлеев Дарханның қызметтік міндетін орындау барысында қазаға ұшырап, мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Қайғыларыңызға ортақпыз. Сіздерді сабырлыққа шақырып, бекем болуларыңызды қалаймыз. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын
АОҚА Төралқасы ұжымы