Мемлекеттік награда құтты болсын
Құрметті Сихымбаев Нурлан Жолдасбекұлы!
Қанатов Асқар Жеңісұлы!
Алматы облыстық адвокаттар алқасы ұжымы атынан Сіздерді Мемлекеттік наградаларыңызбен шын жүректен құттықтаймын.
Осындай жоғары наградалар, Сіздердің байыптылық пен іскерліктеріңіздің, кәсіби шеберлік пен жоғары біліктіліктеріңіздің әлдеқашан танымал болған білгір де тәжірибелі маман екендіктеріңізді білдіреді.
Осылай еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, биік шыңдардан көріне беріңіздер, ал біз өз тарапымыздан қуаныштарыңызға ортақ болып, шын көңілден шыққан ізгі – ниет ақ тілектерімізді жаудыра берейік.
Бойларыңызға мұқалмас жігер, қайтпас қажыр, еңбектеріңізге таусылмас табыстар, отбасыларыңызға ортаймас бақ – ырыс тілеймін. Мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!
Төралқа Төрағасы Махышев С.Т.