Жаңа жыл құтты болсын
Құрметті Әріптестер!
Баршаңызды Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Артта қалып бара жатқан 2021 жыл Алматы облыстық адвокаттар алқасы үшін берекелі жыл болды деп есептеймін.
Облыстың бірнеше өңір аймақтарында Заң кеңесі орталықтары ашылды. Үнемделген қаражат есебінен бірнеше Заң кеңестерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, компьютерлік техникалармен жабдықталды. Бірнеше әріптестеріміздің еңбектері бағаланып, Мемлекеттік наградаларға ие болды.
Сіздерге келіп жеткен 2022 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілеймін! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ — береке келсін! Бірлігіміз нығайып, қуанышты сәттеріміз көп болсын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Ізгі ниетпен, Төралқа Төрағасы С.Махышев