Көңіл айту
Әріптесіміз — Наратауова Ғалия Тілепқызының қайтыс болуына орай, марқұмның отбасының, туған туыстарының, жақын-жұрағатының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Ғалия Тілепқызы 35 жылдан астам уақыт аралығында Алматы облыстық адвокаттар алқасында қызмет етті. Жас мамандарға әрқашанда қолдау көрсетіп, ешкімнен көмегін аяған емес. Адвокаттар алқасына еңбегі сіңген өте тәжірибелі маман бола білді.
Соңғы 2-3 жыл аралығында Ғалия Тілепқызы ауырумен күресті, қайтпады, мұңаймады, әріптестерімен үнемі байланыста болып, өз пікірін айтып, ұжымды әрдайым қолдап тұрды. 5 ақпан күні соңғы сапарға шығарып салдық. Ғалия Тілепқызы жарқын бейнесімен әрқашанда біздің жадымызда сақталады.
Қазаның арты қайырлы, жатқан жері жайлы болсын.
Төралқа ұжымы атынан Махышев С.Т.