Көңіл айту
Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Сабазбекова Гүлмира Мұқанбайқызының Анасы өмірден озып, бақилық болды. Марқұмның отбасының, туған-туыстарының, жақын-жұрағатының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Алла мейіріміне алсын деген ниеттеміз.
Әріптесіміз Гүлмира Мұқанбайқызына Алла сабыр берсін! Қазаның арты қайырлы болсын! Ізгі жанның Тәңірі алдынан жарылқап, иманын саламат етсін деп дұға етеміз. Әмин!